09-06-19 |
2630 рет қаралған
Митингілерде бес жүздей адамды ұсталып, үш полицей зардап шеккен.
Митингілерде бес жүздей адамды ұсталып, үш полицей зардап шеккен

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында болған митингілерде бес жүздей адам ұсталғанын хабарлады.

«Екі қалада рұқсат етілмеген акция арқылы радикалды элементтер қоғамдық жағдайды тұрақсыздандыруға тырысты. Алматы мен Нұр-Сұлтанда заңсыз акция болған жерлерден 500 дей адам ішкі істер органдарына жеткізілді», – деді Қожаев ОСК да өткен брифингте.

Қожаевтың сөзіне қарағанда, митингіге шыққандарды ұстауда полиция заң аясынан шықпаған, арнайы құрал қолданбаған.

Сондай-ақ, Алматыдағы митингіге қатысушылардан ешкім медициналық көмекке жүгінбеген. Қожаевтың мәліметіне қарағанда, Нұр-Сұлтандағы митингіге шыққан 12 адам қан қысымына байланысты дәрігер көмегіне жүгінген. Митингі кезінде үш полицей адамдар лақтырған тастан зардап шексе, әдейілеп шашылған бұрыш баллонынан бір полицейдің көзін күйік шалған.

«Мұндай әрекеттерді бағалау қылмыстық кодексте көрсетілген. Адамдар анықталып, олар қатаң жауапкершілікке тартылады» деді Марат Қожаев.

Бүгін Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында рұқсат етілмеген митинг болып, адамдар жаппай ұсталған. Бұл туралы вице-министр Қожаев бұрын да хабарлап, 100 адам ұсталғанын айтқан еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.