10-03-20 |
580 рет қаралған
Назарбаев Ресейге барды, Путинмен кездеседі.
Назарбаев Ресейге барды, Путинмен кездеседі

фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, экс-президент Н.Назарбаев Ресейге сапарлап барды. Бұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

Назарбаев Мәскеуде Ресей президенті Путинмен кездеседі және Ломоносов атындағы ММУ-ға барады.

6 наурызда Назарбаев Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Д.Медведовті қабылдаған еді. Ертеңінде, яғни 7 наурызда Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын. Араға үш күн салып, Мәскеуге өзі барды.

Қауіпсіздік кеңесі төрағасының Ресейге қандай мақсатта сапарлап барғаны жайлы ақпарат жоқ. Бұған дейін Ресейде де Қазақстандағы секілді қауіпсіздік кеңесі құрылып, оның төрағасы Путин болған еді.

Кейін Сирияда Түркия мен Ресей арасындағы жағдай ушығып кетіп, екі ел басшылары кездесіп, келісімге келген. Медведовпен кездесуде Назарбаев осы халықаралық жағдайды айта келіп, Сириядағы жағдайды тұрақтандыру үшін Астана процесінің жалғасуына бейіл екендігін айрықша атаған. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.