10-10-20 |
360 рет қаралған
Қарабақ келісімі басталмай жатып бұзылды.
Қарабақ келісімі басталмай жатып бұзылды

Қарабаққа қатысты Армения мен Әзербайжан арасындағы соғысты тоқтату келісімі басталмай жатып бұзылып, қақтығыс қайта тұтанды.

Әзербайжан мен Армения қақтығысқа бірін-бірі кінәлап жатыр. Мәселен, Әзербайжан қорғаныс министрлігі «қарсы тарап Тетер және Агдам аудандарын атқылады» деп шұғыл хабар таратты. Ал Армения қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян: «10 қазанда гумантарлық көмек үшін атысты тоқтату келісіміне қарамастан Әзербайжан тарапы Карахамбейли жерін атқылады» деп мәлімдеді.

Осылайша, Қарабақта соғысты тоқтату келісімі бұзылып, қайта атыс басталды.

Кеше Ресейде Кремльдің араласуымен екі ел арасында келіссөздер жүріп, соғысты тоқтатуға уағдаласқан еді. Атысты тоқтату туралы уақыттан көп өтпей соғыс қайта басталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.