07-04-22 |
830 рет қаралған
Қазақстан Ресеймен шекарадағы шектеулерді алып тастады.
Қазақстан Ресеймен шекарадағы шектеулерді алып тастады

Қазақстан үкіметі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен арадағы шекара шектеулерін алып тастады. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ресей Федерациясымен, Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларымен құрлықтағы өткізу пункттерінде ҚР азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдіктердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуіне қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ әуе қатынасы арқылы ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге қойылған барлық шектеулер алынып тасталады» делінген ақпаратта.

Шекарадағы шектеулерді алып тастау мәселесі премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында қаралған.

Тоғжановтың айтуынша, мемлекеттік шекараны ашу мәселесі мемлекет басшысының тұрақты жеке бақылауында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.