03-03-20 |
420 рет қаралған
Қазақстан ТМД-ғы ең қауіпсіз ел – сарапшылар.
Қазақстан ТМД-ғы ең қауіпсіз ел – сарапшылар

Әемдегі ең қауіпсіз елдердің тізімін жасаған Дүниежүзілік банк Қазақстанды ТМД елдерінің ішіндегі ең қауіпсіз ел деп, ал әлем бойынша 64-ші орын берген. Бұл туралы жазған ranking.kz рейтингке 163 ел кіргенін айтады.

Ғаламдық бейбітсүйгіш ел индекісі бойынша өмір сүруге ең қауіпсіз елдер: Исландия, Жаңа Зеландия, Португалия, Австрия мен Дания. Тізімнің ондығына сондай-ақ: Канада, Сингапур, Словения, Жапония және Чехия кіреді.

Индекске  ішкі факторар — мысалы, елдегі зорлық пен қылмыс, — сонымен қатар сыртқы фактор — елдің халықаралық қатынасы, әскери жабдыққа кететін шығын мен басқа да себептер әсер етеді. Жалпы алғанда бағалау 23 индикатор бойынша жүргізіледі.

Өмір сүру үшін ең қауіпті елдерге — Ауғанстан, Сирия, Оңтүстік Судан, Йемен мен Ирак кіреді. Сондай-ақ, бірқатар Африка елдері және көршілес Ресей оныншы орынға жайғасқан.

Ғаламдық бейбітсүйгіш ел индекісінде Қазақстан 64-ші орында тұр. Ал «Ресей және Еуразия» деген ат берілген тізімде бірінші тұр. Қазақстаннан кейін Молдова, Қырғызстан, Белорусь, Грузия бестікті жапты. Рейтингте Ресейді соңғы орынға қойған екен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.