12-08-20 |
760 рет қаралған
Қазақстанда сенат сайлауы басталды.
Қазақстанда сенат сайлауы басталды

Қазақстан сенат сайлауы өтіп жатыр. 12 тамызда елдің барлық облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында парламент сенатының 17 депутатының сайлауы басталды.

Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар – мәслихаттардың депутаттары.

Парламент Сенатындағы 17 орынға 46 кандидат үміткер болып отыр. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілген.

Сенат депутаттығында жасы 30 дан асқан, жоғарғы білімді, ел аумағында үш жыл тұрақты тұрған азаматтар қатыса алады. Сенат депутаттығының мерзімі – 6 жыл.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.