28-07-20 |
470 рет қаралған
Қазақстаннан Дубайға барғысы келетіндер COVID-19-ға екі рет тест тапсырады.
Қазақстаннан Дубайға барғысы келетіндер COVID-19-ға екі рет тест тапсырады

Үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстаннан Дубайға барғысы келетіндер COVID-19 инфекциясы жоқ деген тест нәтижесін көрсетулері керек, сонымен қатар Дубайға жеткенде мұрын-ауыз қуысынан тағы да жақпа тапсырады. Екі сынама нәтижесі де инфекциядан таза болса ғана жолаушы Дубай териториясына кіргізіледі. Бұл туралы whatson.ae сайты хабарлайды.

Дәл осындай талап Қазақстанннан бөлек 28 елге қойылып отыр. Екі рет тест тапсырып Дубайға кіре алатын елдердің қатарында бізбен бірге Ауғанстан, Армения, Бразилия, Бангладеш, Жибути, Египет, Эритрея, Индия, Индонезия, Иран, Ирак, Қырғызстан, Ливан Республикасы, Черногория, Нигерия, Пәкістан, Филиппин, Ресей, Сербия, Сомали, ОАР, Шри-Ланка, Судан, Тәжікстан, Танзания, Түркменстан, Өзбекстан және АҚШ бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.