10-06-19 |
17400 рет қаралған
Абзал Құспан: Қазақстандағы президент сайлауының нәтижесін мойындамаймын!.
Абзал Құспан: Қазақстандағы президент сайлауының нәтижесін мойындамаймын!

Белгілі заңгер, сайлау кампаниясы кезінде кандидат Әміржан Қосановтың сайлау штабының мүшесі болған Абзал Құспан кезектен тыс президент сайлауы нәтижелерін мойындамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол фейсбук парақшасында жазды.

«Қосанов штабының бір өкілі ретінде Қазақстандағы президент сайлауының нәтижесін мойындамаймын. Бір менің қолымдағы хаттамалар жиынтығы – сайлау заңдылығы жүйелі түрде бұзылғанына анық дәлел бола алады. Бірақ, сотқа немесе басқа уәкілетті органдарға жүгінетіндей менде құзірет немесе Қосановтан сенімхат жоқ! Сондықтан, заңгер ретінде әрі байқаушылардың жұмысын ұйымдастырушылардың бірі ретінде, сайлау заңдылығының өрескел бұзылғандығы туралы мәлімдеме ғана жасай аламын. Егер, билік мені сол сөзім үшін сотқа берсе, соттасамын, басқа амал нешік…», – деп жазады Абзал Құспан.

Бүгін ОСК кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қортындыларын жариялаған еді.

ОСК: Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жетті

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.