Бүгін Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық тәртіпте А.Мұхамедиұлы, оның зайыбы Г.Искакова және адвокат М.Тулеевке қатысты қылмыстық істі қарады.
Бұған дейін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 ақпандағы үкімімен үшеуі сотталды:
1. А.Мұхамедиұлына ҚК-нің аса ірі мөлшерде пара алуға әрекеттенгені үшін (24-баптың 3-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігі) және ҚК-нің 58-бабының 3 және 6-бөлігі негізінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 20.06.2023 жылғы алдыңғы сот үкімімен 11 жылға бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу;
2. Г.Искаковаға (оның зайыбы) пара алу бойынша делдалдық жасағаны үшін (ҚК-нің 368-бабының 1-бөлігі) мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен, 6 айға бас бостандығынан айыру;
3. М.Тулеевке (оның адвокаты) аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін (ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы) 10 жылға адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бірінші сатыдағы сот, А.Мұхамедиұлының 2022 жылдың желтоқсан айында Астана қаласының тергеу изоляторында жатып, өзінің әйелі Г.Искакованы делдал ретінде пайдаланып, адвокаты М.Тулеев арқылы лауазымды тұлғаларға қамаудан босату және «Дипломат» қонақ үйінің меншік құқығын сақтау үшін аса ірі көлемде пара беруге шешім қабылдағанын анықтады.
2022 жылғы желтоқсаннан бастап, 2023 жылғы маусымға дейін елорданың әртүрлі жерлерінде Г.Искакова М.Төлеевке жалпы сомасы 400 мың АҚШ долларын және 27 миллион теңгені берген, бұл ақшаны адвокат М.Тулеев алдау және сенімге қиянат жасау арқылы, өз қалауымен иемденген.
Сот үкіміне сотталушылар мен олардың қорғаушылары шағым түсірді.
Апелляциялық саты сотталғандардың кінәсі дәлелденді деген сот қорытындыларымен келісті. Алайда, бірінші сатыдағы сотпен Г.Искакованың әрекеті пара алуда делдалдық жасауы толық аяқталған құрам ретінде дұрыс сараланбаған.
«Жекелеген сыбайлас жемқорлық қылмыстарын қарау тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы №8 нормативтік қаулысының 18-тармағының түсіндірмесі негізінде делдалдың (Г.Искакова) әрекеті ақша тікелей пара алушының, яғни лауазымды адамның жеке өзіне берілгенде ғана аяқталған қылмыс болып саналады.
Бұл жағдайда пара алушы болмаған, өйткені М.Тулеев алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ақшаны иемденген, яғни алаяқтық жасаған.
Осылайша, А.Мұхамедиұлының әрекетіне ұқсас Г.Искакованың делдалдық бойынша әрекеттері оған байланысты емес мән-жайларға байланысты аяқталмаған, өйткені олар лауазымды адамдарға ақшаны пара ретінде беруді көздемеген М.Тулеевке алданып қалған.
Апелляциялық саты Г.Искакованың әрекетін аяқталған қылмыстан пара алу бойынша оқталу(ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 368-бабының 1-бөлігі) санатына ауыстырды, бірақ бұрын тағайындалған 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өзгеріссіз қалдырды.
Сонымен бірге, 05.07.2023 жылдан бастап Г.Искакованың үйқамақта ұстау мерзімін ескере отырып, үкім заңды күшіне енгенге дейін бір тәулікке бас бостандығынан айыру түріндегі екі тәулікке қамауға алу есебімен Г.Искаковаға 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза өтелген деп есептелді.
Осылайша, апелляциялық соттың қаулысымен А.Мұхамедиұлына және М.Тулеевке қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды, ал Г.Искаковаға қатысты үкім өзгертілді.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024