10-12-18 |
2480 рет қаралған
«Азаматтар қапайым құқықтық сауаттылықтың негіздерін білмейді».
«Азаматтар қапайым құқықтық сауаттылықтың негіздерін білмейді»

10 желтоқсан Халықаралық адам құқықтары күні. Осыдан тура 70 жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясын қабылдады. Алайда еліміздегі құқыққорғаушылар мен заңгерлер елде адам құқыққтары сақталмайтынын айтып отыр.

Аталған құжаттың қабылданғанына 70 жыл толса да әлі күнге дейін халық қапайым құқықтық сауаттылықтың негіздерін білмейді деп шағымданды адвокат Қайрат Жүкел.

-Адам өз құқығын білмей тұрғанда мемлекет тарапынан оның құқығын қорғау әрине төмен болады. Біз дамушы мемлекеттердің қатарындамыз. Мен айтпасам да, осы мәселеге байланысты сараптама жасайтын үлкен халықаралық ұйымдардың өздері бізде адам құқықтарын көп шектейтінін айтып отыр. Аламдар өз құқықтарын білмейді, сондықтан олардың құқықтарын қорғау тиісті дәрежеде орындалмайды, -дегенді айтты заңгер.

«Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті Марианна Гурина әйелдер мен балалар және мүгедектер құқықтары тиісті деңгейде сақталмайтындығын жеткізіп отыр.

– Көбінесе күйеуінен зәбір көрген әйелдер мен отбасында мүгедек бала туып, күйеуі тастап кеткен әйелдер туралы біз көп айтамыз. Ол әйелдер мүгедек баласы болғандықтан жұмыс істеуге қабілетсіз. Біз соларға қамқор болуымыз керек. Себебі мүгедек баласымен қоса бірнеше кішкентай балаларын асырауға мәжбүр болып отырған әйелдер бізде көп. Олар азғантай жәрдемақыға күн көріп отыр, сондай-ақ мүгедек баланың ем-домын жасап отыр. Дәл осындай жағдайда мемлекетіміз халыққа тиісті мөлшерде қамқор емес екенін көреміз, -дейді М. Гурина.

Демократиялық қоғамның басты көрсеткіштерінің бірі – сөз бостандығы. Алайда журналист Жұлдыз Әбділдә адам құқығы жағынан мақтанатын деңгейде емеспіз дегенді айтады.

– Азамат ретінде менің қарапайым құқықтарым сақталмайды. Ал оларды талап ету үшін біраз жүйке жұқартуға, айғайласуға, соттасуға тура келеді. Сондықтан мен сияқты көп адам құқығы тапталып жатса да, аса бас көтере бермейді. Сөз бостандығына келсек, 2000-жылдардың басында «сөз бостандығы жоқ» деп жылап жүретінбіз. Бірақ ол кезде сөз бостандығы бар еді. Бүгінгімен салыстырғанда. Бүгін сөз бостандығы тек әлеуметтік желіде ғана бар ма деп ойлаймын, -деді журналист.

Халықаралық адам құқықтары күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылдың 10 желтоқсанында Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясын қабылдау және жариялау құрметіне таңдалып алынған. Ол адам құқықтары туралы жағдайларды қалыптастырған алғашқы әлемдік құжат болды.

ҚР Президентінің Жарлығымен 1994 жылдың 12 ақпанында Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылған. Коммисияның мақсаты – адам құқықтарын қолдау және қорғаудың мемлекеттік және қоғамдық механизмдерін күшейту.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.