06-03-24 |
16060 рет қаралған
Болат Өтемұратовтың жиені 5 жылға сотталды.
Болат Өтемұратовтың жиені 5 жылға сотталды

5 наурызда Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Данияр Өтемұратовтың үкімін өзгертті.

2024 жылдың ақпан айында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы оны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Прокурордың апелляциялық шағымы негізінде іс қаралып, жазаны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, яғни қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуге ауыстырылды.

Данияр Өтемұратов сот залында қамауға алынды. 2023 жылғы 13 қарашадан 2024 жылғы 2 ақпанға дейін қамауда ұстау уақыты жазаны өтеу мерзіміне есептеледі, қылмыстық-атқару мекемелерінде ұстаудың бір күні жазаны өтеудің 1,5 күніне пара-пар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.