09-06-19 |
4590 рет қаралған
Ішкі істер министрлігі азаматтардың жаппай ұсталуына қатысты пікір білдірді.
Ішкі істер министрлігі азаматтардың жаппай ұсталуына қатысты пікір білдірді

«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында Қазақстанда тіркелмеген және сот тыйым салған ҚДТ эстремистік ұйымының үндеуімен алаңдарға бірнеше жүздеген адам шықты» деп мәлімдеді ішкі министрінің орынбасары Марат Қожаев (суретте). Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

фото: inform.kz

«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында Қазақстанда тіркелмеген және сот тыйым салған ҚДТ эстремистік ұйымының үндеуімен алаңдарға бірнеше жүздеген адам шықты. Өздеріңізге де белгілі болып отырғандай, аталған ұйымның қашқын басшысы сайлау қарсаңында елдегі билікті дискредитациялау, кезектен тыс президенттік сайлауға бойкот жариялау бойынша жаппай насихат жұмысын жүргізді. Сайлау кезеңінде қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға шақырды. Олардың деструктивті шақыруларына қарамастан сайлау жоспарлы режімде өтіп жатыр. Халық өздерінің қалауларын білдіру үшін сайлау учаскелеріне баруда» депті Марат Қожаев.

Бүгін Алматы мен Нұр-Сұлтанда митингі болып, полиция жүздеген адамды ұстады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.