22-04-21 |
460 рет қаралған
Әкім болуға «моральдық құқығы жоқ» шенеуніктің қызметі өсті.
Әкім болуға «моральдық құқығы жоқ» шенеуніктің қызметі өсті

Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев жаңа мемлекеттік қызметке келді. Осыған дейін Даниал Ахметов оның «мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге моральдық құқығы жоқ» деп сөгіп, қызметтен алып тастаған еді.

Сауда және интеграция министрлігінің ресми сайты Қуат Тұмабаев экспортты ілгерілету департаментінің директоры болып тағайындалғанын хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы орталығының экс-әкімі Тұмабаевтың есімі жазатайым жол оқиғасы кезінде аталғаны ел есінде. Апат 2018 жылы болды. Жол жиегімен өтіп бара жатқан 19 жастағы жаяу жүргінші BMW көлігінің астына түсіп қаза тапты. Көлікті Риддер қаласы әкімінің орынбасары Құрманбаев басқарған.

Оқиғаға қатысы бар көлікте Өскемен қаласының сол кездегі әкімі Қуат Тұмабаев болған. Істе ол куәгер деп қаралды. Апаттан бірнеше ай өткен соң Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен әкімінен қызметінен кетуді сұраған еді. Өйткені оның мұндай жоғары мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге моральдық құқығы жоқ делінді. Әкім осы кеңеспен қызметінен кеткен еді. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.