Біз
әлеуметтік
желіде
06-05-25 |
50 рет қаралған
Қожағапановты 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.
Қожағапановты 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сұралды

Астанада мәдениет және спорт экс-вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот тергеуі аяқталды.

Тараптар жарыссөзге көшті.

Жарыссөз барысында прокурор Ерлан Қожағапановты 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сондай-ақ, ол Қожағапановты мемлекеттік наградалар мен атақтардан айыру туралы Президентке ұсыныс енгізуді ұсынды.

Экс-шенеунік Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлімі 3-тармағы («Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану») бойынша айыпталуда.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.