15-11-21 |
400 рет қаралған
Павлодарда колледж есепшісі басқа адамдардың атынан жалақы алған.
Павлодарда колледж есепшісі басқа адамдардың атынан жалақы алған

Павлода облысында қаржы мониторингі колледждің бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жетті. 

 

Агенттіктің аумақтық департаменттері «Ақпараттық технологиялар колледжі» ШЖҚ КМК-ға ақша жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады.

Колледждің бас бухгалтері Ю. Безпалая өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2015-2020 жылдар аралығында бюджет қаражатын заңсыз иеленудің қылмыстық схемасын ұйымдастырды, деп айыпталады.

«Ол колледжге жұмысқа орналасу үшін таныстары мен туыстарының арасынан адамдарды тартып, содан кейін олар үшін заңсыз жалақы белгілеп, оны өзіне алып отырған», – деді Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметі.

Сот шешімімен Безпалая жеті жылға бас бостандығынан, сондай-ақ 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Қаржы мониторингі агенттігі бюджет қаражатын ұрлау елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің қатарына жататынын атап өтті.

Әлеуметтік жәрдемақылар мен жалақыны төлеуге немесе балалар мекемелеріне азық-түлік сатып алуға арналған қаржы маңызды экономикалық және әлеуметтік мәнге ие. Сонымен қатар қаражат негізгі мақсатына жетпей қалатын фактілер бар”, – деп түсіндірді агенттікте.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.