09-03-24 |
16270 рет қаралған
Полиция Рысбек Сәрсенбайұлына күш қолданғанын жоққа шығарды.
Полиция Рысбек Сәрсенбайұлына күш қолданғанын жоққа шығарды

Алматы облысының полиция департаменті Рысбек Сәрсенбайға күш қолданылғанын жоққа шығарды.

«9 наурызда Алматы облысы Талғар аудандық ІІБ қызметкерлері азамат Р.Сәрсенбайды сотта Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстар туралы заңнамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік істің қаралуына байланысты полиция бөліміне әкелді. Қонаев қаласындағы сот ғимаратының жанында заңсыз митингі өтті. Келгеннен кейін Р.Сәрсенбай қан қысымының көтерілуіне шағымданды. Жедел медициналық бригада шақырылды. Қазіргі уақытта Р.Сәрсенбай медициналық мекемеге тексеруге жіберілді. Полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері немесе күш қолдану фактілері болған жоқ», – делінген ПД таратқан мәліметте.

Бір күн бұрын Алматы облысы Талғар аудандық полициясының саяси және қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайды «әңгімелесуге» шақырған. Сәрсенбай саяси тұтқындарды босатуды талап етіп баспасөз мәслихатын ұйымдастырмақ болған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.