07-03-24 |
24590 рет қаралған
Шығыс Қазақстан облысында жоғары лауазымды шенеуніктің туысы адам өлтірді деген күдікке ілінді.
Шығыс Қазақстан облысында жоғары лауазымды шенеуніктің туысы адам өлтірді деген күдікке ілінді

Әділдік іздеген марқұмның қызы Президенттен араша сұрап, видеоүндеу жариялады.

2 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Қалжыр ауылында жергілікті тұрғын Жарас Көшеров өлтіріп кеткен. Туыстары оның өліміне бұрын адамға қарсы осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған Бауыржан Нұрмұхановтан күдіктенеді.

Айтуларынша, Нұрмұханов Бауыржанның ағасы – Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық соты төрағасының орынбасары, тағы бір ағасы Нұрмұханов Мұрат Мақсатұлы прокуратура қызметкері екенін аудан тұрғындарының барлығы біледі.

Сонымен қатар, Күршім ІІБ бастығы полиция полковнигі Көшкінчинов Жандостың айтуынша, Марқакөл өңірінің тумасы Нұрмұхановтар отбасымен жақсы қарым-қатынаста.

«Құрметті Президент Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы, Бас прокурор Берік Асылов, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, сізден көмек сұраймыз. Мен Сұлтанова Сая Жарасқызымын, мен марқұм Көшеров Жарас Сұлтанұлының қызымын, себебі құқық қорғау органдары күні бүгінге дейін әрекетсіз», – деді марқұмның қызы видеоүндеуінде.

Туыстарының айтуынша, бұл қылмыстық іс адам өлтіру емес, «денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша тіркелген.

«Оны 2 наурызда өлтірді, бірақ осы күнге дейін Нұрмұханов Бауыржан ұсталған жоқ немесе күдікті ретінде танылған жоқ, бірақ куәгер. Оған қатысты ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ», – дейді марқұмның қызы.

Президенттің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай аталған жайтқа қатысты үн қатып, бұл іс қатаң бақылауға алынғанын мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.