08-10-19 |
440 рет қаралған
Таразда жетім балаларға жәбір көрсеткен тәрбиешінің үстінен іс қозғалды.
Таразда жетім балаларға жәбір көрсеткен тәрбиешінің үстінен іс қозғалды

Әлеуметтік желіде Тараз қаласындағы «Үміт» балалар үйінің кішкентай тәрбиеленушілеріне жәбір көрсетіп жатқан тәрбишесінің видеосы тарады. Фейсбук әлемуеттік желісінің қолданушысы Құрманғазы Мүсір жариялаған видеодан балалардың жылаған даусы, тәрбиешінің оларға айқайлағаны естіледі. Құрманғазы Мүсір видеомен қоса балалар құқығы жөніндегі өкіл Аружан Сайын мен Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиевке қарата балалардың тағдырына араша түсуді сұрап жазба жазған.

Қ.Мүсірдің фейсбук парақшасынан алынған скриншот
Қ.Мүсірдің фейсбук парақшасынан алынған скриншот

 

Бұл оқиға желіде лезде таралып, Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев оқиғаны жеке бақылауына алғанын және 54 жастағы балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталғанын хабарлады. Оның айтуынша, тергеу барысында мекеме қызметкерлерінен жауап алынып, бейнебақылау камераларының жазбалары алынды. Сондай-ақ, тиісті сараптамалар тағайындалған. Полиция департаменті тарапынан облыстық әкімдікке сот шешіміне дейін тәрбиешіні лауазымынан босату туралы ұсыныс жолданған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.