23-11-21 |
510 рет қаралған
Жамбылда әскери бөлім офицері суицид жасады.
Жамбылда әскери бөлім офицері суицид жасады

Жамбыл облысында офицер өз-өзіне қол салды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Sputnik Қазақстан хабарлады.

Қайғылы оқиға Гвардейск гарнизонының әскери бөлімінде болған.

«Дүйсенбі 22 қараша күні Гвардейск гарнизонының әскери бөлімінде А. есімді офицер өз-өзіне қол салды. Қайтыс болған әскери қызметші хат жазып кеткен», – деді қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Басқа ақпарат жарияланбай отыр. Марқұмның туған-туыстары да тергеуге қатысты материалдарды жарияламауға өтініш жасаған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде өз-өзіне қол салған офицердің 24 жаста болғаны туралы хабар тарады.

Естеріңізге  салсақ, 21 қазанда Теміртаудағы 5516 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер өзіне оқ атып, көз жұмған болатын.  Сарбаз қызмет барысында өзіне бекітілген қарумен басына оқ атқан. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.