04-03-24 |
5120 рет қаралған
Жетісу облысында инвесторларға жер телімдері берілмей келген.
Жетісу облысында инвесторларға жер телімдері берілмей келген

Жетісу өңірінде 3 жылдан астам екі шаруа қожалығы бордақылау алаңын салу және асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру үшін жер телімдерін ала алмаған.

Жер заңнамасына қайшы, жергілікті атқарушы орган негізсіз жер телімдерін беруден бас тартқан.

Прокурорлық қадағалау актісін енгізгеннен кейін инвесторларға жалпы көлемі 39 гектар жер телімдері беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инвесторлардың дабылдарына жедел ден қою мақсатында Фронт-офис құрылып, Жетісу облыстық прокуратурасының Мобильді тобы тәулік бойы жұмыс істейтінін еске саламыз (байланыс телефоны 8-701-131-04-44).

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.