08-12-18 |
16570 рет қаралған
«Жиырма жылдан кейін Қытайдың бір аймағына айналуымыз мүмкін».
«Жиырма жылдан кейін Қытайдың бір аймағына айналуымыз мүмкін»

«Елімізге келіп жатқан шетелдіктер соның ішінде Қытай азаматтары қыздарымызға үйленіп, азаматтық алып, біздің саудагерлерге бәсеке орнатып, оларды Дордой, Қара-Суу секілді ірі базарлардан ығыстырып жатыр. Көші-қон және мемлекеттік тіркеу қызметі ешқандай қадағалаусыз оларға қырғыз паспортын беріп отыр. Осылай жалғаса берсе, бұл ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп, жиырма жылдан кейін Қытайдың бір аймағына айналуымыз мүмкін«.

Тазабек Икрамов, фото - uztag.info
Тазабек Икрамов, фото – uztag.info

Бұл – Қырғыз Республикасы Жоғарғы кеңесіндегі «Онугии-Прогресс» фракциясының депутаты Тазабек Икрамовтың айтқаны сөзі. Мұны kyrtag.kg хабарлады. Бейсенбіде парламент отырысында осылай деген депутат: «45 күннің ішінде соңғы бес жылда қанша шетелдік азаматтық алғаны туралы ақпарат беруді сұраймын. Егер олар елге пайда әкелмесе, онда азаматтық айыру керек» депті.

2014 жылы 300 дана Қазақстан паспортын алып өтпек болған Қытай азаматтары Алматы халықаралық әуежайында тексеру кезінде ұсталған еді. Ал елдегі Қытай кәсіпорындарының 2013-2016 жылдар аралығында, яғни үш жыл ішінде 35%пайызға өскені де бұған дейін айтылған. Кейбір деректер бойынша, 2017 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша елдегі Қытайдың үлесі бар компаниялар саны – 1018. Қырғыз депутаты айтып отырғандай біздің елде –  Қазақстан азаматшасына үйленіп, азаматтық алған қытай азаматтары туралы ресми дерек жоқ. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.