13-03-20 |
450 рет қаралған
Қытай: Коронавирусты АҚШ әскерилері таратқан болуы мүмкін.
Қытай: Коронавирусты АҚШ әскерилері таратқан болуы мүмкін

Қытайдың сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь COVID-19 коронавирусын Американың әскерилері әкелген болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Ол АҚШ-тың аурудың алдын алу және бақылау орталығының (CDC) басшысы Роберт Редфилдтің АҚШ конгресі өкілдері палатасындағы тыңдауларда айтқан мәлімдемесіне осылай пікір білдірді.  Редфилд АҚШ-та бас кезінде тұмау деп диагноз қойылған пациентті хирургиялық жолмен ашу кезінде ғана коронавирус анықталған жағдайлар болды деп айтқан еді.

«АҚШ-та қашан «нөлдік» пациент пайда болды? Қанша адам инфекцияға шалдыққан? Қай ауруханада? Уханьға АҚШ әскерилері әкелген болуы әбден мүмкін. Ашық айтыңыздар! Деректерді шығарыңыздар! АҚШ бізге бәрін түсіндіруі керек!» — деп жазды Лицзянь өзінің Twitter парақшасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.