09-04-22 |
490 рет қаралған
Ресей елшілігінің алдында Украинаға қатысты акция өткізгендерді полиция ұстады.
Ресей елшілігінің алдында Украинаға қатысты акция өткізгендерді полиция ұстады

Алматыдағы Ресей елшілігінің алдында Украинаның Буча қаласында болған қырғынға қатысты акция өткізген бір топ жас белсендіні полиция ұстады.

Бұған дейін Алматыдағы Сарыарқа кинотеатрының артындағы саябаққа Украинаны қолдаған митинг өтіп, оған мыңдаған адам жиналған. Бұл митингіге жергілікті әкімдік рұқсат берген.

Президент Тоқаев Қазақстан Украинаның территориялық тұтастығын құрметтейтінін айтқан. Кейін сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Қазақстан ЛХP мен ДХР ді мойындамайтынын мәлімдеген еді.

Украина президент Зеленский Бучаға барған сапарында «Бұл әскери қылмыс. Мұны әлем геноцид деп мойындайды. Біз мыңдаған адамды өлтіргенін, оларды қинағанын, бөлшектеп тастағанын білеміз. Зорланған әйелдер, кісі қолынан өлген балалар. Геноцид дегеніміз – осы» деген болатын

Ал АҚШ президенті Байден «Бучада не болғанын көрдіңіздер ғой? Сұмдық Біз Украинаға күресті жалғастыруға қажетті қару беруді жалғастыра береміз», – деп Путиннің әскери қылмысы үшін трибунал құруға шақырған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.