11-09-24 |
8210 рет қаралған
Ресей Өзбекстанда АЭС салатын болды.
Ресей Өзбекстанда АЭС салатын болды

Ресей Өзбекстанда қуаты аз АЭС салу жөнінде келісімге келді. Бұл туралы Узатом хабарлады.

Өзбекстандағы АЭС құрылыс жұмыстарын бастауға бағытталған протоколға «Узатом» агенттігі жанындағы АЭС құрылысын салу жөніндегі дирекцияның директоры Отабек Аманов (суретте оң жақта) пен «Росатом» бас директорының орынбасары әрі Орта Азияда АЭС салу жобаларының жетекшісі Павел Безруков (суретте сол жақта) екі жақты қол қойды.

Өзбекстан АЭС-ті Жизақ облысының аумағында салмақ. Бұл аймақ Қазақстанның Түркістан облысымен шекаралас жатыр.

Қазақстанда АЭС салу мәселесі референдумға шығарылады. 6 қазанда АЭС салу жөнінде жалпыхалықтық референдум өтеді. Қазақстандағы АЭС Балқаш көлінің жанындағы Үлкен ауылында салынады деп болжанады. АЭС-ті салуы ықтимал елдердің ішінде Ресей де бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.