13-03-20 |
330 рет қаралған
Ресей Қазақстанға коронавирусты анықтайтын тест-жүйесін жіберді.
Ресей Қазақстанға коронавирусты анықтайтын тест-жүйесін жіберді

Ресей өз мамандары даярлаған COVID-19 вирусын анықтауға арналған тест-жүйесін Қазақстан мен орта Азиядағы бірқатар елдерге берді. Бұл туралы РФ Тұтынушылар құқығын қорғауды және адам қауіпсіздігін қадағалау бойынша Федералды қызметінің (Роспотребнадзор ред.) баспасөз қызметі  хабарлайды.

» Роспотребнадзор жасап шығарған тест-жүйесі Еуразиялық Экономикалық Одақ мүшелеріне (оның ішінде Қазақстан бар ред.) және Әзербайжан, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстан, Монғолия, КХДР және Иранға берді.  COVID-19 жаңа коронавирусына тест-жүйесі жалпы саны 800  зертханалық диагностика үшін берілді. Ол мамандарға 80 мың зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді», -деп хабарлайды Роспотребнадзор.

Тест-жүйесінің көбі Иранға  (500 жиынтық) жіберіліпті, себебі ол жақта коронавирусқа шалдыққандар саны 10 мыңнан асып, оның ішінде 429 қайтыс болды.

Ақпан айының басында Қазақстан ресейден тест-жүйесін алған. Ол тест-жүйесі арқылы елімізде ешқандай науқас анықталған жоқ. Ал Армения мен Белоруссияда дәл осындай Ресейдің тест-жүйесі арқылы коронавирус жұқтырған науқастар анықталды.

Тест-жүйесін Роспотребнадзорға қарасты «Вектор» вирусология және биотехнология ғылыми орталығы жасап шығарып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.