20-12-20 |
480 рет қаралған
Шенеуніктерге шетелде ақша, мүлік ұстауына заңмен тыйым салынды.
Шенеуніктерге шетелде ақша, мүлік ұстауына заңмен тыйым салынды

Қазақстан шенеуніктеріне шетелде қаржы, мүлік ұстауға болмайды. Бұл мәселе президент қол қойған «азаматтардың жемқорлық және қылмыстық істердегі құқықтарын қорғауды күшейту» жөніндегі заңға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер де көзделген.

Заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылған кезде онда шетелде қаржысы, мүлкі бар шенеуніктерге және олардың отбасы мүшелеріне, депутаттар мен судьяларға шетелдегі есепшоттарын жабуға 3 ай уақыт берілетіні айтылған. Егер шетелдегі есепшоттарын жабудан бас тартқан жағдайда ондай адам қызметінен шығарылатыны да көрсетілген.

Сондай-ақ заңға сәйкес, егер шенеунік, депутат, судья шетелдегі депозиті мен ұяшығын жаппаса, бұл оны лауазымынан босатуға соқтырады. Сондай-ақ ондай шектеуді қабылдаудан бас тартқан адам ешқашан мемқызметке тұра алмайды, депутаттыққа кандидат болып, сайлауға түсу құқығынан айырылады.

Бұл шектеулер шетелдік банктерде есепшоттар-салымдар ашу және оларды иелену бойынша шектеулер Қазақстанның шетелдегі мекемелеріне, өкілдіктеріне және Қазақстан атынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген немесе іссапарға жіберілген, сондай-ақ шетелде оқып, тағылымдамадан өтіп немесе емделіп жүрген мемқызметшілерге қолданылмайды.

Мұндай мәселені президент Тоқаев 1 қыркүйекте халыққа жолдаған жолдауында сөз етіп 2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің, Парламент депутаттарының, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуына, қолма-қол ақша және бағалы заттарды сақтауына тыйым салынатынын мәлімдеген еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.