18-04-19 |
2680 рет қаралған
Солтүстік Корея жаңа қаруға сынақ жүргізді.
Солтүстік Корея жаңа қаруға сынақ жүргізді

Солтүстік Корея қуатты оқтұмсықтармен басқарылатын жаңа тактикалық қаруға сынақ өткізгенін мәлімдейді.

Йонхап агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Корея көшбасшысы елдің халықтық әскери күнің нығаюы үшін бұл қарудың маңызы зор екендігін айтқан.

«Жаңа үлгідегі тактикалық басқарылатын қарудың қуатын бақылай отырып, ол біздің ұлттық қорғаныс саласындағы ғалымдар мен қызметкерлер оқ – дәрі өндіру саласында елдің қорғаныс қабілетін арттыру бойынша тағы бір үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті», – делінген KCNA хабарламасында.

Тактикалық қаруды сәрсенбі күні сынақтан өткізгендігі хабарланған, алайда бұл қандай қару екендігі туралы жергілікті ақпарат құралдары толыққанды ақпарат беріп отырған жоқ.

BBC арнасы болса Солтүстік Кореяның жаңа қаруға сынақ жүргізуін Дональд Трамп пен Ким Чен Ын арасындағы келіссөздер сәтсіз аяқталғанымен байланыстырады.

Еске салсақ, ақпан айында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Вьетнамның Ханой қаласында денуклеаризация мәселесін талқылау үшін кездесті, бірақ пікірталастар тоқтатылып, кенеттен екі елдің басшылары екі жаққа кетіп қалды.

Ал өткен аптада Ким Чен Ын, Трамп мырзаға келіссөздерді жалғастыру үшін «дұрыс қарым-қатынас» орнатуы керектігін ескерте айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.