13-12-21 |
530 рет қаралған
Тәліптер ақша айырбастау пункттерінің жанына жиналғандарды күштеп қуып жүр.
Тәліптер ақша айырбастау пункттерінің жанына жиналғандарды күштеп қуып жүр

Ауғанстанда билікті басып алған «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) қозғалысы айырбастау орындарында долларды сатып алуға және сатуға тыйым салды, деп хабарлады Aamaj News Twitter жазбасында.

Бұл операциялар Ауғанстанның жергілікті валютасы бір доллар үшін 95-тен 114-ке дейін құлдырағаннан кейін бірден тоқтатылды.

Бірінші девальвация 7 желтоқсанда басталды. Бір күннің ішінде айырбас бағамы бір доллар үшін 93-тен 100 афганиге дейін өсті.

Әлеуметтік желілерде кейбір ақша айырбастау пункттерінің жанына жиналғандарды тәліптер күшпен таратып жатқаны туралы ақпарат тараған.

Сонымен бірге «Талибан» жасақтаған үкімет өкілдерінен Ауғанстандағы ақша айырбастау орындарының жұмысын тоқтату туралы ресми мәлімдемелер жасамаған.

«Талибан» билік басына келгелі бері жаңа үкімет Орталық Азия елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен байланыс орнатып үлгерді.

Естеріңізге салайық, 1 мамырда АҚШ пен Солтүстік Атлантикалық Альянс әскерлерінің Ауғанстан аумағынан ресми шығарылуы басталды. Осыдан кейін елдегі жағдай ушығып кетті. 15 тамызда «Талибан» содырлары Ауғанстанның бүкіл аумағына бақылау орнатылғанын жариялады. Сол күні президент Ашраф Гани отставкаға кетіп, елден кетті. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.