12-12-21 |
1170 рет қаралған
Тергеу соты Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа жіберді.
Тергеу соты Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа жіберді

Бүгін бұған дейін пара алды деген күдікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкері ұстаған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесін тергеу соты қарады, – деп жазады журналист Михаил Козачков телеграм каналында.

Ол таратқан ақпаратқа қарағанда, жемқорлыққа қарсы қызмет және прокуратура Хаменованы екі ай мерзімге қамауға алуды сұрағанымен, тергеу судьясы олардың уәждерімен келіспей, Хаменованы үйқамаққа шығарған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бақытгүл Хаменованың ұсталғанын кеше растаған еді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысына қатысты тергеуді бастады.

Олар Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн. теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн. теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді.

Күдікті ұсталып, Атырау қаласының ПБ УҰИ-на қамалды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», – делінген болатын  мекеме таратқан ақпаратта.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.