13-08-19 |
830 рет қаралған
Версаче Қытайдан кешірім сұрады.
Версаче Қытайдан кешірім сұрады

Танымал Versace бренді шығарған футболкалардың біріне Гонконг пен Макао дербес ел ретінде көрсетіп қойған. Бұл Қытайдағы әлеуметтік желілерде үлкен дау тудырып, шу көтерген еді.

Даудан кейін Версаче ресми түрде кешірім сұрап, бұл футболкаларды шығаруды тоқтатындарын мәлімдеді.

Донателла Версаченің сөзінде: «Қытай мемлекетінің териториялық дербестігіне құрмет көрсететіндігі» айтылады.

Versace  футболкаларының әлеуметтік желіде тараған суретінде  қала мен мемлекттер жазылған. Мысалы Милан-Италия және Лондон-Ұлыбритания. Ал  Гонконг-Гонконг деп, Макао-Макао деп көрсетілген.

Айта кетейік, Гонконг қаласы — 1997-жылға дейін 1,5 ғасырдай Британ империясының отары болып келді, ал Макао 1993 жылға дейін Португалияның отары болған. Кейін бұл жерлер Қытайдың арнайы әкімшілік аймақтарына айналды.

Осыған ұқсас дау-дамайға белгілі люкс брендтері Givenchy мен Coach -та қалған еді. Олар да Қытайдың териториялық талабын сақтамаған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.