28-01-21 |
420 рет қаралған
Жапаров ұлықтау сәтінде Қазақстан туралы айтты.
Жапаров ұлықтау сәтінде Қазақстан туралы айтты

Қырғызстанның жаңа президенті Садыр Жапаров қызметіне кірісті. Ол ұлықтау рәсімі кезінде Қазақстанмен алдағы уақытта жасалатын қарым-қатынастар туралы айтты, деп хабарлайды Arasha.kz

Бүгін Бішкектегі Қырғыз ұлттық филармониясында Садыр Жаппаровты ұлықтау рәсімі  өтті. Жаңа президент қырғыз халқына ант берді. Ол әділ билік жүргізіп, адам құқықтарын қорғап, Конституция нормаларын сақтайтынын айтты.

Жаппаров ұлықтау рәсімі кезінде Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы қарым-қатынасқа тоқталып, оның нығая түсетінін айтты.

 «Пандемия кезінде Қазақстан мен Өзбекстанның көрсеткен көмегін атап өтпеу жөн болмас. Бұл елдермен тарихымыз бен тағдырымыз бір. Біз көршіміз. Орталық Азия елдерімен және Түркиямен жан – жақты қарым-қатынастарды нығайтуды жалғастырамыз», – деді Қырғызстанның басшысы.

Еске салайық, Қырғызстанда 10 қаңтар мерзімінен бұрын президент сайлауы өтті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.