11-07-23 |
1220 рет қаралған
Қаңтар оқиғасы. Алматы әуежайын басып алғандарға үкім шықты.
Қаңтар оқиғасы. Алматы әуежайын басып алғандарға үкім шықты

Алматыда қаңтар оқиғасында Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сотталушыларға үкім жарияланды. Айыпталуышлар – төрт ер адам және бір әйел.

Әйгерім Тілеужанова ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, орташа режимдегі колонияда өтейтін болды. Әйел сот залында қамауға алынды.

Сотталушылар Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилебаев және Жанайдар Кәрменов барлық айыптау бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болды.

Бұған дейін прокурор қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша айыпталушыларды 5 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Сондай-ақ, сотталушылардың кейбіріне ҚР ҚК-ның 269-бап «Ғимараттарға, құрылыстарға, байланыс және коммуникация құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу», 200 бап – «Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» және 191-бабы («Тонау») бойынша айып тағылған болатын.

Прокурордың сот талқылауы барысында айтуы бойынша, қаңтар оқиғасы күндері айыпталушылар әуежай мен «Қазаэронавигация» жұмысын бұзып, «апатты зардаптарға» әкелуі мүмкін, сондай-ақ апат пен ұшақ апаттары қаупін тудырған.

Arasha.kz

ФОТО: kapital.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.