06-11-20 |
1230 рет қаралған
Қоқыс жәшігіне Жириновскийдің аты берілді.
Қоқыс жәшігіне Жириновскийдің аты берілді

Алматының бір топ намысшыл жастары қаладағы қоқыс жәшігіне Жириновский есімін берді. Ресейлік саясаткердің «Қазақстан деген ел адамзат тарихында болмаған», «Қазақстанның солтүстік өңірі орыстың жері» деген ұлттың намысына тиетін сөздерді жиі-жиі айтатыны белгілі. Аузына ақ ит кіріп, көк ит шығатын сайқымазақ кезінде өзі тұрған Алматыдағы Масанчи көшесі мен ондағы орта мектепке Жириновский есімінің берілгенін де қалады. «Намыс» жастар қозғалысының өкілдері оның арманын орындап, Масанчи 79 мекен-жайындағы қоқыс жәшігіне Жириновский есімін берді. Белсенділер бұған қоса саясаткерді non grata тұлғасы деп танып, Қазақстанға аяқ бастырмауды талап етті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.