28-12-19 |
480 рет қаралған
Апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі Ресейге жіберіледі.
Апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі Ресейге жіберіледі

фото: ТЖК

Алматыда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі Ресей астанасы Мәскеуге жіберіледі. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Министрлік таратқан хабарға қарағанда, бүгін мемлекетаралық авиация комитетінің сарапшы келеді. Ұшақ апаты болған жерде жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Ұшақтың қара жәшігін жедел тергеу тобы борттан алған. Қара жәшік ертең Мәскеудегі мемлекетаралық авиация комитетіне жіберіледі. Қара жәшік сол жерде ашылады.

27 желтоқсанда Bek Air әуе компаниясының ұшағы Алматыда апатқа ұшырап, 12 адам қаза болды. Бүгін ел аумағында жалпыұлттық аза тұту күні өтіп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.