18-05-20 |
1220 рет қаралған
Бейсен Құранбек дүниеден өтті.
Бейсен Құранбек дүниеден өтті

49 жасқа қараған шағында белгілі журналист Бейсен Құранбек ауыр науқастан дүниеден өтті. Былтыр ақпан айында тележүргізуші асқазан жарасы шығып, дәрігерлердің оны екінші рет аман алып қалғанын Instagram желісінде жазған еді.

Бейсен Құранбек – 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Ұлттық арнадағы «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларының жүргізушісі болған. «Айтуға оңай» бағдарламасы 2017 жылы, ал  «Қарекет» бағдарламасы 2019 жылы маусымда аяқталған еді. Соңғы уақытта Бейсен Құранбек «Жетісу» телеарнасының директоры қызметін атқарды.

Барша туыстарына, қазақ көрерменіне, әріптестерімізге қайғырып көңіл айтамыз!

Arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.