03-03-24 |
4000 рет қаралған
Қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам өмірден озды.
Қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам өмірден озды

Белгілі саясаттанушы, публицист, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Қоғам қайраткерінің қазасы туралы хабарды желіде жақындары мен жанашырлары жеткізе бастады.

“Сейдахмет Құттықадам жазған әр кітабында, берген әр сұхбаты мен зерттеуінде демократия құндылықтарын насихаттайтын. Қатты айтса да анығын айтып, мемлекетті басқарудың мансап қана емес қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік екенін, сондықтан ел билегендердің ең алдымен жанашыр болуы керектігін жете түсіндіретін”, – деп жазды Instagram желісінде Мәди Манатбек.

Сейдахмет Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіріп, өзінің дипломатиялық қызметін 1998 жылы ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің Еуропа және Америка басқармасының референті қызметінен бастаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.