21-12-19 |
680 рет қаралған
Иманғали Тасмағамбетовтың анасы дүние салды.
Иманғали Тасмағамбетовтың анасы дүние салды

фото Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің фейсбук парақшасынан алынды

Иманғали Тасмағамбетовтың анасы – Ділдә Матайқызы дүние салды. Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісіне әлеуметтік желі қолданушылары көңіл айтуда. Сондай-ақ, Иманғали Нұрғалиұлына Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ұжымы да көңіл айтты.

«Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің барша ұжымы Иманғали Нұрғалиұлының анасы, атақты қазақ педагогы, жазушысы – Ділдә Матайқызының өмірден озуына орай орны толмас қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамыз.

Ділда апа үлкен жүректі, кең парасатты, ұлтжанды, ақ жарқын жан болатын. Ол өзінің адамгершілігі мен қарпайым мінезі, зор шығармашылық ой-өрісі мен қайраткерлігінің арқасында көпшіліктің көңілінен шығып, ел-жұртының үлкен ілтипатына бөленді. Оның өмір жолы мен шығармашылық еңбегі бүгінгі және келешек жастар үшін өнегелі де өрісті жол.

Біз Ділдә Матайқызын әрқашан жоғары иманды, мәдениетті, қол ұшын созуға дайын және адамгершілігі зор адам ретінде есте сақтаймыз» делінген елшіліктің фейсбуктегі ресми парақшасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.