17-02-21 |
1110 рет қаралған
Қазақ журналистикасының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті.
Қазақ журналистикасының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

Бүгін қазақ журналистикасының корифейі Нұртілеу Иманғалиұлы 70 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол Қазақ телевизиясында 45 жыл еңбек еткен.

Көрермен есінде «Бай-қуатты болайық» деген тілегімен қалған Нұртілеу Иманғалиұлының «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер», «Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары болды.

Журналистиканың майталманы 2006-2007 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік Қоғамының Басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарып, өзінің ізбасар шәкірттерін тәрбиеледі.

Arasha.kz редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.