02-07-20 |
1140 рет қаралған
«Сіздікі жеңіл жөтел деді…» – Ақын, сазгер Қайрат Дүйсен дүниеден озды.
«Сіздікі жеңіл жөтел деді…» – Ақын, сазгер Қайрат Дүйсен дүниеден озды

Ақын, сазгер, журналист, «Әлем халықтары жазушылары одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Қайрат Дүйсен дүние салды. Суыт хабарлы марқұмның әлеуметтік желідегі таныстары хабарлап жатыр.

Қайрат Дүйсеннің фейсбук әлеуметтік желісіндегі соңғы жазбасы 30 маусымда жарияланған екен. Онда ол: «Телефон, компьютерге жолай кетсем, дерт қозып кетіп жатыр» деп жазыпты және тағы бір жазба қалтырған онда: «Кеше жедел жәрдем келіп, аға сіздікі жеңіл жөтел деп үміттендіріп кетті. Алайда, менікі қып-қызыл арпалыс» деп айтқан. Ал бірнеше күн бұрын, 26 маусымда: «Құрметті әріптестер! Өлім-жітім жайлы суыт хабар жиі түсуде! Бекем болайық, қайтқан кісілер иманды болсын!» деп жазба қалтырған екен. Бірнеше күннің ішінде ақынның өзі де одүниелік болып кете барды.

Қайрат Дүйсеннің диагнозы әзірге бізге белгісіз. Марқұмда қазір тарап жатқан коронавирус індеті болды ма, жоқ па, дәрігерлер неге оны ауруханаға жатқызбады деген сияқты бірқатар сұрақтарға жақын арада жауап аламыз деп ойлаймыз.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз! 

Қайрат Әбсатұлы 1964 жылдың 7 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданындағы Көкібел елді мекенінде дүниеге келген. Қазақстан журналистері одағы мен «Бейбітшілік әлемі» ХҚТБ Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, айтулы Бірлестіктегі Халықаралық жазушылар одағының төрағасы еді. «Халықаралық жазушылар одағы» баспасының директоры. www.temirqazyq.com және akgo.org сайттарының Бас редакторы болды.

Еске салсақ, жақында журналист, жазушы Қуандық Шамахайұлы ауруханада қайтыс болды. Ол өзінің фейсбуктағы парақшасына соңғы жазба қалтырған. Онда: «Кешеден бері дəрігерлер COVID-19 ауруына тексеріс жасаймыз десіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім, сағат 2:00-де дəрігер мен мейіргер келіп, қағазға қол қойдырды да кетті. Сəлден кейін мейіргер келіп, аузыма бір ақ дəрі салды да, су ішкізді. Менен басқасына бермеген. «Не зат?» десем вирустан сақтайды дейді. Қастандық деп күмəнданамын. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Əреккеттері күмəнді. Ештеңе түсіндірмейді» деп жазды.

Қазақстанда соңғы кезде коронавирус инфекциясы күрт өсіп, халық дәріхана аралап кетті, ал ауруханаларда орын тапшы.

coronavirus2020.kz сайтының мәліметтері бойынша Қазақстанда өткен тәулікте, яғни 1 шілдеде королнавирус жұқтырғандардың жалпы саны 42 574 адамға жетті. Ал бір тәулікте 1509 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Аурудан емделіп шыққан адам саны 214. 188 адам қайтыс болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.