05-11-18 |
1490 рет қаралған
2018 жылғы қазанда ең төмен күнкөріс деңгейі 28 620 теңгені құрады.
2018 жылғы қазанда ең төмен күнкөріс деңгейі 28 620 теңгені құрады

Ұлттық Экономика Министрлігі, Статистика Комитеті  үстіміздегі жылдың қазан айына ең төмен күнкөріс деңгейін жариялады. Мәліметтер бойынша елде ең төмен күнкөріс деңгейі 28 620 теңгені құраған. Оның ішінде азық-түлікке жұмсалған шығын 15 741 теңге болса, ал азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер 12 879 теңге.

Оның ішінде 18 жастан асқан, еңбекке қабілетті ер адамдардың ең төменгі табысы 33 600 теңге, ал әйелдердікі 26 656 теңгені құрайды екен.

Зейнеткерлер мен қарт адамдардың ең төмен күнкөріс деңгейі 26 496 теңгені құрап отыр.

13 жасқа дейінгі балалар 25 237 теңге, 14-17 жас аралығындағы ұл балалар 35 692 теңге, ал қыз балалар 27 349 теңге тұтынады екен.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтыңжан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қазанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,8%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 18,7%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14,6%, жемістер мен көкөністерді – 12,7%, нан және жарма өнімдерін – 6,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,1%-ды құрады.

Ал 2018 жылғы қазан айындағы азық-түлік бағасына қатысты Статистика комитетінің берген мәліметтері бойынша елімізде азық-түлік біршама қымбаттаған. 2017 жылғы қазан айы мен биылғын жылдың дәл осы айларын салыстырсақ азық-түлік құны 4,7%-ға өскен. 

Нан, ұн, макарон, тоқаш және ұн өнімдері, ет және ет өнімдері, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, қант, кондитерлік өнімдер, жемістер мен көкөністер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал жармалар арзандады.

Жарма өнімдері тобында бағаның әр бағытта өзгеруі белгіленді. 2018 жылғы қазанда күрішке орташа бағасы 2017 жылғы қазандағы килограмына 289 теңгеге қарсы 314 теңгені, ал қарақұмық жармасы сәйкесінше 337 теңгеге қарсы 248 теңгені құрады.

2018 жылғы қазанда сүт өнімдерінен сүзбеге орташа баға килограмына 1585 теңгені (өткен жылғы тиісті кезеңде – 1462 теңге), қаймаққа – 1047 теңгені (967 теңге), мәйекті ірімшікке – 2461 теңгені (2189 теңге), айранға – 282 теңгені (266 теңге), пастерленген сүтке 222 теңгені (211 теңге) құрады.

Әдіснамалық түсініктемелер

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.