11-02-19 |
3350 рет қаралған
2025 жылы Норвегия толықтай электромобильге көшпек.
2025 жылы Норвегия толықтай электромобильге көшпек

2018 жылы Норвегияда сатылған көліктердің ішінде электромобильдердің үлесі 31% құрады. Бұл әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш екен.

Бұл ел мұнымен тоқтап қалмақ емес, 2025 жылы жанаржағармаймен жүретін көліктерден толықтай бас тартпақшы.

Өткен жылы электромобиль шығаратын америкалық компания Норвегияға 8600 автомобиль жеткізген екен. 2019 жылы бұл мемлекетте электромобильдердің сатылымы  Tesla Model 3 нарыққа енуімен күрт өседі деп болжанып отыр.

Былтыр Норвегия зиянды қалдықтарсыз көлік сатудан рекорт орнатқан ел. Олардың ішінде тек қана аккумулятормен жүретін Tesla Model S немесе Nissan Leaf сияқты көліктер ғана емес, сондай-ақ сутегі элементтерінен электроэнергия алатын машиналар да бар.

2018 жылы Норвегияда тіркелген жаңадан шыққан барлық автомобильдердің арасында, үштен бірі зиянды қалдықтар шығармайды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 21 пайыз болса, экологиялық таза көліктердің сатылымы 2017 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артқан, -деп хабарлайды Норвегияның жол қозғалысы ақпараты қызметі (OFV). Осылайша Норвегия көшелеріндегі екі миллион автокөліктің 10 пайызы экологиялық таза автомобильдер.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.