05-02-19 |
2380 рет қаралған
Қаңтарда елдегі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 1,8% жоғарылады.
Қаңтарда елдегі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 1,8% жоғарылады

2019 жылғы қаңтарда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 915 теңгені құрады, бұл алдыңғы айдағы көрсеткіштен 1,8% жоғары. Бұл туралы Ұлттық Экономика Министрлігінің Статистика комитеті ресми сайтында хабарлады.
«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,8%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 20,5%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,5%, жемістер мен көкөністерді – 8,3%, нан және жарма өнімдерін – 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,2%-ды құрады», – деліген ҰЭМ мәліметтерінде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.