20-02-19 |
2780 рет қаралған
Алматыда қандай оқушылар мен студенттерге шәкіртақы төленеді?.
Алматыда қандай оқушылар мен студенттерге шәкіртақы төленеді?

Алматыда аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар мен студенттерге шәкіртақы төленеді, -деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасынан шыққан оқу үздіктеріне шәкіртақы төленетін болады. Университет пен колледж студенттеріне айына 10 мың теңгеден, мектеп оқушыларына 5 мың теңгеден төленеді. Айта кетелік, биылғы оқу жылында ел бойынша бөлінген гранттың 40%-ы, немесе 27 мыңы Алматыға бұйырды. Білесіздер, грантқа оқитындардың барлығы стипендия алады. Ал біз аз қамтылған отбасынан шыққан үздік студенттер туралы айтып жатырмыз. Тіпті олар ақылы негізде оқитын болса да. Әлбетте, бұл отбасы үшін қосымша кіріс», – деді қала әкімі халықпен есепті кездесу кезінде.

Б. Байбектің сөзінше, бұл оқушылардың білімге құштарлығын ынталандыратын болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.