04-11-20 |
350 рет қаралған
АҚШ-тағы сайлау: Трамп сәл болса да алда келеді.
АҚШ-тағы сайлау: Трамп сәл болса да алда келеді

АҚШ-та президент сайлауы аяқталуға шақ. Саяси додада республикалық Дональд Трамп пен демократ Джо Байден бақтарын сынап жатыр. Дауыс беру барысы мен оның нәтижелерін америкалық БАҚ тікелей эфирден көрсетуде. Алдын ала есеп бойынша Флорида және Техас штаттарында әзірге Трамп пен Байден тең келеді. Мәселен, техастықтардың 3 миллионы Байденді, 2,9 миллионы Трампты қолдады. Ал, Флорида штатында қазіргі президент 5,3 миллион дауыс жинады. Байденнің көрсеткіші одан 250 мың дауысқа кем.
2016 жылғы сайлауда да Трамп Флоридада жеңіп шыққан болатын. Сарапшылардың пайымдауынша, ол қарсыласынан сәл болса да алда келеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.