10-11-20 |
440 рет қаралған
Армения мен Әзербайжан бітімге келді.
Армения мен Әзербайжан бітімге келді

Ресей, Армения және Әзербайжан басшылары Таулы Қарабақ өңіріндегі соғысты тоқтату жөніндегі тоқтамға келді. Бұл жайында Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді. Келісімге сәйкес екі тарап та өз бекіністерінде қалуы тиіс. Ал, Қарабақ пен Армения түйісетін сызық пен дәліздің бойына ресейдің бітімгершілік әскері орналасады. Қазір бұл аймаққа қаруланған 1960 әскери қызметкер, 90 бронды техника және 380 арнайы техника аттанды. Армения Әзербайжанға 15-ші қарашаға дейін Кельбаджар ауданын, 1 желтоқсанға дейін Лачин ауданын босатып беруге міндеттелді. Сонымен бірге 20-шы қарашаға дейін Ереван Бакуге Агдам ауданы мен Газах ауданының бір бөлігін босатып беруі тиіс. Тараптар өзара тұтқындармен алмасып, қақтығыс кезінде тұрғылықты жерін тастап кеткен босқындарды қайтарумен айналыспақ. Бұл істі БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі комиссары қадағалайтын болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.