06-11-18 |
1280 рет қаралған
Қазақстан Илон Масктың ракетатасығышынан екі спутник ұшырмақ.
Қазақстан Илон Масктың ракетатасығышынан екі спутник ұшырмақ

Қазақстан Илон Маскқа тиесілі АҚШ-тың SpaceX компаниясының  «Falcon 9» ауыр классқа жататын ракетатасығышынан екі спутник ұшырмақ. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш вице-министрі Марат Нұрғожин Астанада өткен «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында айтты деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Вице министрдің айтуынша, «Еуропа, Англия мен Ресей зауыдтарында 150 инженер біліктіліктерін жетілдірген. Егер бәрі сәтімен болып жатса, 19 қарашада екі спутникті жөнелтеміз» деп отыр. Сонымен қатар, Нұрғожиннің айтуынша, ғарышта отандық инженер мен конструктрлардың барлық ойлап тапқаны сынақтан өтіп жатыр. Бұл оларға өздерінің серіктерін жасап шығарып, ұшыруға және коммерцияландыруға мүмкіндік береді. Ең алдымен олар істегі аппараттарды алмастыратын байланыс спутниктері.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.