Дүниежүзілік экономикалық форумы әлемдік экономиканың жағдайын бақылау үшін жыл сайын түрлі мәліметтер жинап есеп береді. Солардың бірі жол сапасына қатысты елдердің көрсеткіші. Сарапшылар әр елдің жолдарындағы көліктердің аз-көптігіне қарамай барлық жол сапасын бірдей бағалаған.
nonews.co жариялағандай, 2018 жылдың ғаламдық зерттеуге (Global Competitiveness Report) 138 елдің жолдарын сынға алған рейтингтің көшін Біріккен Араб Әмірліктері алып отыр. Бұл ел бірнеше жыл қатарынан осы тізімнің басында тұр екен. Ал екінші және үшінші орынды Сингапур мен Швейцария иеленіпті.
Қазақстан рейтингте көршілес Ресейден кейін 2,9 индекстік көрсеткішпен 115 орынға табан тірепті. Бізден кейінгі 116 орынды Зимбабве мемлекеті тұр. 2017 жылы Қазақстан аталған рейтингтің 108 орында тұрған екен, биыл біршама төмендепті.
Ал рейтингтің соңын Мавритания елі жауыпты.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024