Біз
әлеуметтік
желіде
15-02-25 |
200 рет қаралған
Дені сау ұлт – ұлттың  тұрақты дамуының негізі.
Дені сау ұлт – ұлттың  тұрақты дамуының негізі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзінің оқу процесінде тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға ерекше назар аударады.

Университеттің студенттері мен оқытушыларының белсенді қатысуымен әртүрлі тақырыптарда пікірталастар мен талқылаулар ұйымдастырылып, бұл жұмыс Қазақстанның болашақта тұрақты әрі әділ даму жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Соның бірі тұрақты даму мақсаттарының 3-ші мақсаты- «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын жақсарту»болып табылады. Әлемдік қауымдастық ТДМ 3 мақсатында әр адамға тең жағдай жасау, денсаулық саласында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, барлық тұрғындарға медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруды көздейді.

Заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының студенттері ТДМ 3 — денсаулық сақтау саласында жалпы теңдікке қол жеткізу мақсатында талқылау өткізді. Студенттер денсаулық сақтау жүйесіндегі теңдік мәселесін, әрбір азаматтың денсаулыққа қатысты құқықтары мен мүмкіндіктерін қалай қамтамасыз етуге болатынын қарастырды. Бұл пікірталастар студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және әлемдік мақсаттармен үйлесімді болашаққа деген көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған. Пікірталас барысында білім алушылар түрлі пікірлер мен ұсыныстар айтып, денсаулық сақтау саласындағы теңдікке қатысты өз ойларын ортаға салды.

Олардың бірі денсаулық сақтау қызметтерінің барлық қоғам топтарына қолжетімді болуы үшін мемлекеттік және жеке сектор арасындағы серіктестіктің маңыздылығына тоқталса, басқалары денсаулық сақтау саласындағы жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізу арқылы теңдікті қамтамасыз ету жолдарын талқылады.

Кафедра студенттері өз пікірталастарына университет деңгейінде атқарылып жатқан денсаулық сақтау шаралары туралы да айтты. Университетте студенттер мен қызметкерлер үшін денсаулық сақтау қызметтері мен спорттық іс-шаралар жиі ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттайтын шаралар көптеп өткізіледі.Қара шаңырақ денсаулық сақтау саласында да теңдік пен әділеттілік принциптерін ұстанады. Университетте студенттерге психологиялық қолдау көрсету, денсаулық сақтау бойынша түрлі қызметтер мен дәрігерлік тексерулер ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, университетте денсаулық сақтау саласындағы мәселелер мен бастамаларды талқылайтын арнайы семинарлар мен форумдар да өткізілуде. Оқу ордамыздың білім алушылары ТДМ-3 мақсатын талқылау арқылы денсаулық сақтау саласындағы теңдік мәселелеріне өз үлестерін қосуға тырысады.

Бұл пікірталас студенттердің әлеуметтік жауапкершіліктерін арттырып, болашақ заңгерлер мен әлеуметтік мамандардың денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелерге деген көзқарасын қалыптастырады. Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру үшін әрбір азаматтың, оның ішінде жас ұрпақтың белсенділігі өте маңызды. Университетіміздің студенттері өздеріне жүктелген осы жауапкершілікті түсініп, денсаулық сақтау саласындағы теңдікті қамтамасыз ету бағытында маңызды қадамдар жасауда.

Сулейменова С.Ж
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.