07-01-19 |
6920 рет қаралған
Димаш әлі басталмаған реалити-шоудың фавориті болып үлгерді – шетел баспасөзі.

АҚШ-та The Voice, America’s Got Talent, The X Factor және басқа да танымал реалити-шоулардан кейін The World’s Best шоуы жарыққа шығайын деп жатыр. CBS арнасынан 3 ақпанда көрсетіле бастайтын реалити-шоудың фавориті қазақстандық Димаш Құдайберген екенін шетел баспасөзі жазып жатыр.

 

 

meaww.com сайтының жазуынша, «World’s Best»-ті ток-шоу жүргізушілері Джеймс Корден мен Дрю Бэрримор жүргізеді, ал Ру Пол және Фэйт Хилл әділқазылар есебінде екен. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен әр түрлі жанр бойынша талантты адамдар келіп қатысады.

Конкурс қатысушылары үш әділқазының және әлемнің әр жерінен жиналған әр-түрлі ойн-сауық салаларының сарапшыларынан құралған 50 адамнан тұратын «әлем қабырғасының» алдында өнер көрсетеді. Үздік шыққан қатысушыға «Әлемнің үздігі» атағы беріледі.

БАҚ өкілдерінің жазуынша, шоудың басталуына әлі бір ай уақыт болса да, байқаудың әлеуметтік желілердегі парақшаларындағы фанаттар өз фавориттерін тауып үлгерген сияқты.

«Димаш Құдайберген Қазақстанның танымал әншісі. 24 жастағы әншінің жанкүйерлері көп, әрі ол ерте жастан сахнада ән шырқап жүр. Бала кезінде пианинода ойнап, түрлі байқауларда ән айтқан. Сондай-ақ ол 2015 жылы Беларусь елінде, Витебск қаласында өткен Славян базары байқауының жеңімпазы» деп таныстырады.

View this post on Instagram

Have a good day

A post shared by Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) on

Сайттың жазуынша, Димаш Құдайбергеннің фанаттарының бірі «Димашқа ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ, ол онысыз да жеңімпаз» деп айтса, шоуға Димаштың қатысатынын білген басқа фанаттар бұл байқауды Димаш жеңетініне сенімді екендіктерін жазған.

Аталған жобаға Қазақстаннан Димаш Құдайбергенмен бірге жас әнші Данэлия Тулешова да қатысады. Димаш пен Данэлияның ән салып жатқан сәттері шоудың промо-ролигінде көрсетіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.