04-06-18 |
4980 рет қаралған
Е.Біртанов: Менингитке қарсы вакцина салынбайды, карантин жарияланбайды.
Е.Біртанов: Менингитке қарсы вакцина салынбайды, карантин жарияланбайды

Астанадағы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен арнайы баспасөз мәслихатында денсауалық сақтау министрі Елжан Біртанов: «Менингитке қарсы вакцина салынбайды, карантин жарияланбайды», – деді. Вакцинаны Біртановтың өзі де, отбасы да алмаған. Министрдің мәліметінше, менингит инфекциясы жаппай вакцина салып, карантин жариялайтындай жағдайда емес. Сондай-ақ Біртанов «Бірақ ел тұрғындары өз шешімдерімен менингитке қарсы вакцинаны өз қаражаттарына салғызуға болады, бір вакцинаның құны – 22 мың теңге» екенін де айтты.

Министрдің айтуынша, менингит бойынша 128 адам инфекция жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылып, тексеру нәтижесінде олардың 58  менингит инфекциясы табылған. Оның 32 Алматы қаласында. Осы уақытқа дейін инфекциядан 12 адам көз жұмған. Қазіргі кезде министрлік тарапынан арнайы штаб құрылып, күнделікті жұмыс істеп жатыр. Штабтың жұмысынан министрлікте күнде брифинг өткізіліп, ақпарат таратылып отырмақ. Сондай-ақ, алдағы күндері жедел желі іске қосылмақ. Әзірге жедел желінің арнайы нөмірін бекіту ісі жүріп жатқан көрінеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.